«Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа өндірістік жоба бойынша келіссөз жүргізуде

26.05.2026 09:41 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа өндірістік жоба бойынша келіссөз жүргізуде
63
Фото: KAZAKHMYS

«Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қытайға жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласында жаңа күкірт қышқылы цехын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.

Келіссөздер аспанасты елінің түсті металлургия мен химия саласындағы алпауыттары саналатын ENFI және TCC CNCEC инжинирингтік компанияларының басшыларымен өтіп, онда жаңа өндіріс орнын салудағы ынтымақтастық пен саладағы озық технологиялық шешімдерді зерттеу жайы сөз болды.

Шетелдік әріптестер кездейсоқ таңдалмаған, мәселен MetMining тобына кіретін ENFI орталығы бүгінде Қытайдағы заманауи мыс балқыту кәсіпорындарының 50 пайыздан астамының жобасын жасаса, ал TCC CNCEC ірі өнеркәсіптік құрылыстарды жүзеге асырумен танылған.

«Кездесу қорытындысында қол жеткізілген келісімдер мен тәжірибе алмасу процесі заманауи инженерлік шешімдерді зерделеп, өндірістік активтерді жаңғыртуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды пысықтауға берік негіз қалыптастырады», - деп мәлімдеді корпорация.

Войдите, чтобы оставить комментарий