«Қазақмыс» жұмысшылары жаңа үлгідегі арнайы киім киетін болды

25.02.2026 13:11 Арман Ермеков
«Қазақмыс» жұмысшылары жаңа үлгідегі арнайы киім киетін болды
1
Фото: «Қазақмыс корпорациясы»

«Қазақмыс» тобы өндірістік арнайы киімнің бірыңғай стандартына кезең-кезеңімен көшуді жалғастырып, жұмысшыларға барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз жаңа киім үлгілерін дайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңартылған киім үлгілері жер үсті және жерасты жұмыстарының нақты ерекшеліктерін ескере отырып тігілген. Өндіріс алаңында жұмысшы анық көрінуі үшін форманың түсі өзгертіліп, түйменің орнына тез тағылатын сыдырма мен батырмалар қолданылды. Сонымен қатар шаң мен суықтан жақсы қорғау мақсатында қайырма жаға тік жағаға ауыстырылып, шалбардың бел тұсының артқы бөлігі биіктетілген. Бұл өзгерістер мен қосымша жылытқыш қабат әсіресе жерасты жұмыстарын орындауда аса маңызды рөл атқарады. Бұған қоса құрал-сайман салатын қосымша қалталар мен ауа алмасатын желдеткіш элементтер де қарастырылып отыр.

Бұл стандартқа көшу процесі бірқатар өндіріс орындарында 2025 жылы басталған болатын. Ал биылғы жылдың 1 наурызынан бастап жаңа үлгідегі арнайы киім Жезқазған тау-кен өндірісінің кәсіпорындарына толықтай беріле бастайды. Корпорация өкілдері бұл бастаманың басты мақсаты жұмыс үдерісін мейлінше ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, қызметкерлерге күнделікті жайлылық сыйлау екенін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий