«Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді»: Бүркіт әйелі Аишаға қатысты нүкте қойды
1240
Танымал әнші Бүркіт жары Аишаның ерекше қасиеттерін айтып, ел алдында мақтады. Айта кетейік, өнер иесі жақында енесіне көлік сыйлаған еді.
“Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық та әлі шулап жатыр-ау. Сол туралы айтып берейін. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. “Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады” деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім”, – деп ағынан жарылды әнші “Сырласу” бағдарламасында.
Айта кетейік, өнер иесі 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін айтып, өкінішін білдірген еді.
“Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін”, – деген еді Бүркіт.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
11:01
Ақтөбе тас жолында адам өлімімен аяқталған жант...
11.04.2026
10:39
Парашютпен секірген 18 жастағы курсанттың өлімі...
11.04.2026
09:59
Ақмола облысында ер адам мешіттен қайырымдылық ...
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...