Қазақстан екінші жыл қатарынан Өзбекстанға өсімдік майын ең көп жеткізетін ел болып отыр

Қазақстан екінші жыл қатарынан Өзбекстанға өсімдік майын ең көп жеткізетін ел болып отыр
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан екінші жыл қатарынан Өзбекстан нарығына өсімдік майын ең көп жеткізетін ел болып отыр. 2025 жылдың қыркүйек пен 2026 жылдың мамыр айлары аралығында Қазақстаннан көрші елге май-тоңмай өнімдерінің экспорты 553 мың тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8 мың тоннаға немесе 31%-ға көп, деп хабарлайды Politico.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның өсімдік майы нарығындағы Қазақстанның үлесі 90%-дан асты. Соңғы бес маусымда қазақстандық өнім экспортының тұрақты өсімі байқалып отыр.

Сонымен қатар май-тоңмай өнеркәсібі өнімдерінің жалпы экспорт көлемі де артып келеді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның аталған саладағы экспорты рекордтық 944 млн долларға жетті.

Осылайша, Қазақстан май-тоңмай өнімдерін экспорттау көлемін ұлғайтып қана қоймай, көрші елдер нарығындағы өз позициясын да нығайтып келеді. Әсіресе, Өзбекстан бағыты бойынша қазақстандық өсімдік майына сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр. 
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу