Qazaqstan Football League-тің президенті қызметінен босатылды

Qazaqstan Football League-тің президенті қызметінен босатылды
24.12.2024 12:31
0
120
qfl.kz
Ғани Қайназаровтың қызметінен кетуі: Qazaqstan Football League-те жаңа кезең басталады

Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қайназаров 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған болатын. Өз сөзінде ол Лиганы басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік екенін, сондай-ақ осы уақыт ішінде отандық футболды дамытуға бағытталған бірқатар реформалардың жүзеге асқанын атап өтті.

"Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформалар жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын", - деді Ғани Қайназаров.

Qazaqstan Football League Ғани Әділханұлына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді. Лиганың жаңа басшысын сайлау мәселесі жақын арада Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или