Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық келісімге келді

07.11.2025 07:04 Арман Ермеков
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық келісімге келді
0
115
Фото: Ақорда

Ақ үйдегі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың кездесуінің толық нәтижелері белгілі болды. Екі ел басшыларының келіссөздері барысында маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың ең басты нәтижелерінің бірі – Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылуы.

Келіссөздер барысында Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға толық ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.

Қазақстан Президенті Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ-тың әлемдегі жетекші экономикалық, саяси және технологиялық держава ретіндегі позициясын одан әрі күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Осы орайда, келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында екі ел президенттері екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелерін жан-жақты талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескені белгілі болды.

Еске сала кетейік, Тоқаев Ақ Үйде Трамппен кездесті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий