Қазақстан спортшысы елдің азаматтығынан бас тартып, Ресейге ауысты
336
Астананың «Барыс» клубының шабуылшысы Всеволод Логвин азаматтығын ауыстырды.
Ол Қазақстанның көк төлқұжатынан бас тартып, Ресей Федерациясының азаматы атанды. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының сайтында жазылған.
Логвин «Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі. Өткен маусымда Андрей Скабелканың қарамағында негізгі құрамда ойнады. Ойыншы 24 матчта екі рет мергендік танытты.
Маусымның екінші жартысында Логвин мұхиттың арғы жағында өнер көрсетті. Американың «Три-Сити Сторм» командасында ойнаған. USHL чемпионатында 24 матчта 13 (6 гол, 7 нәтижелі пас) ұпай жинады.
Осы ретте Өскеменнің «Торпедо» клубының вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz тілшісіне пікір білдірді.
«Жергілікті хоккейшілердің Ресей клубтарына ауысуы, азаматтықтан бас тартуы таңқаларлық жағдай. Ресейде қазір жағдай мәз емес екеніне қарамастан кетіп жатыр. Бәлкім спортшы бір перспектива көрген болар. Бұл оның таңдауы», - дейді маман.
Фото: "Барыс" ХК
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...