Қазақстанда 13 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
633
Министрлік Қазақстандағы шетелдік жұмысшылар туралы статистика жариялады
Қазақстанда 2025 жылдың 1 ақпанына сәйкес 13 072 шетелдік азамат ресми түрде жұмыс істеуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің деректеріне сүйенсек, шетелдік жұмыс күшіне (ШЖК) рұқсат берілген мамандықтар келесідей бөлінеді:
- 568 адам – жоғары басшылық пен олардың орынбасарлары (бірінші санат)
- 2528 адам – құрылымдық бөлімше басшылары (екінші санат)
- 4787 адам – түрлі саладағы мамандар (үшінші санат)
- 987 адам – білікті жұмысшылар (төртінші санат)
- 672 адам – маусымдық жұмысшылар
- 3530 адам – корпоративтік ауысу аясында келгендер
Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 1710 компания шетелдік жұмыс күшін пайдаланады. Бұл компанияларда жалпы 383,1 мың қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл жалпы қызметкерлердің 96,6%-ын құрайды.
Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі төрт негізгі елден келеді:
- Қытай – 4778 адам
- Түркия – 1158 адам
- Үндістан – 1121 адам
- Өзбекстан – 623 адам
Министрліктің мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасының сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
10:09
Астана маңында апалы-сіңілі жасөсіпірім екі қыз...
11.08.2026
10:01
Алматы облысында күйеуін өлтірген жүкті әйел бо...
11.08.2026
09:41
"Төс көрсету жарысы ма?": желі қолданушылары Мә...
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...