Қазақстанда АЭС салуы мүмкін компаниялардың тізімі жарияланды

27.08.2024
19:09
0
286
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС құрылысының технологияларын қай компаниялар жеткізе алатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Тимур Жантикиннің айтуынша, 2019 жылы Қазақстан ядролық технологиялары озық шетелдік жеткізушілерінен бірнеше коммерциялық ұсыныстар алды. Нәтижесінде Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Франция және АҚШ-тың алты жеткізушісінен 13 заманауи реактор жобасы таңдалды.
"Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін біз әлемдік тәжірибе мен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ұсынысы негізінде өзіміздің бағалау жүйемізді жасадық. Кейіннен бұл жүйені Францияның әйгілі Assystem инжинирингтік компаниясы мақұлдады", – деді Жантикин үкімет отырысында.
Ұсыныс білдірген 4 компания:
- HPR1000 реакторы бар қытайлық CNNC компаниясы;
- APR1000 және APR1400 реакторлары бар кореялық KHNP;
- VVER-1200 бар ресейлік Росатом;
- EPR1200 технологиясымен франциялық EDF.
Референдум қорытындысы бойынша оң шешім қабылданса, ядролық технологияның жеткізушісін таңдап, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлейміз. Түсінуі керек нәрсе – Қазақстанның болашағы атом энергетикасымен тығыз байланысты, – деді Жантикин.Ол атом электр станциялары әлемдегі ең қауіпсіз және сенімді энергия көздерінің бірі екенін айтты. Табиғи-климат факторларын, энергетикалық жүйенің сипатын және болжамды электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, сарапшылар мынадай қорытындыға келді:
- Бір блоктың ұсынылатын қуаты – 1,4 ГВт дейін;
- Станцияның жалпы қуаты – 2,8 ГВт дейін;
- АЭС үшін ұсынылатын орын – Алматы облысы, Үлкен ауылының жанындағы Балқаш көлінің ауданы.
Барлық тұжырымымызды The Japan Atomic Power Company және Marubeni Utility Services жапониялық компаниялардың консорциумы растады, – деді бас директор.Сөзінше, Қазақстанда атом электр станцияларын салу үшін ұсынылатын оңтайлы технология – қауіпсіздік деңгейі жоғары және экономикалық көрсеткіштері жақсарған III және III+ буын қысымды су реакторлары. Еске салсақ, бұған дейін АЭС құрылысы бойынша Үкімет референдум өткізу туралы қаулының жобасын бекіткенін хабарлаған болатынбыз. Фото: ашық дереккөз
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

17.06.2025
10:00
2 жасар бала әкесінің тапаншасымен ойнап отырып...

17.06.2025
09:32
Жағдайым жоқ, 60 млн төлей алмаймыз - Абзал Шын...

17.06.2025
09:00
Экс-қорғаныс министрінің ұсталғаны туралы қауес...

16.06.2025
21:01
«Сен келінсің ғой!»: Али Оқаповтың жарына сын а...

16.06.2025
20:20
«Хейтерлер, іштерің күйсін»: Мадина Сәдуақасова...
16.06.2025
19:08
Назарбаевтың жиені кезекті жетістігімен мақтанды