Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
13.04.2025 16:53
0
84
Фото: ҚМДБ

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алғаш рет имамдарға жалақы 2021 жылы төлене бастағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, дін қызметкерлері ең төменгі жалақы (85 мың теңге) алады.

ҚМДБ өкілдері жалақы ауылдық жерлердегі имамдарға, сондай-ақ медресенің үздік студенттері мен оқытушыларына төленетінін түсіндірді. 

2021 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) кеңейтілген қорытынды жиналысында Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға ең төменгі жалақы мөлшерінде ай сайынғы еңбекақы тағайындалған еді.

2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне дейін өсті. Олардың қатарында өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, медресенің 200 үздік студенті және 132 ұстаз бар. Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның бастамасымен шамамен 800 дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етіліп жатыр, – делінген хабарламада. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий