Қазақстанда мәйітті ашпай-ақ зерттеу мүмкіндігі пайда болады

Қазақстанда сот-медициналық сараптаманың жаңа жүйесі енгізілмек. Енді мәйітті ашпай-ақ компьютерлік томография арқылы зерттеу мүмкін болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Әділет министрі(министр юстиций) Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, «виртуалды аутопсия» әдісі сот-медициналық сараптама жүргізу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, мәйіт ашуға қатысты дәстүрлі және діни көзқарастарға қайшы келмейтін тәсіл ұсынады.
«Бұл тәсіл мәйітті міндетті түрде ашпай-ақ зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық және діни дәстүрлерді сақтауға жол ашады», – деді министр.
Сондай-ақ, министрлік алдағы уақытта бірнеше сараптама түрлерін автоматтандыруды жоспарлап отыр. Бұл процесте жасанды интеллект қолданылады.
«Автоматтандырылған жүйе сарапшының әрекеттерін қадағалап, зерттеу кезінде болуы мүмкін қателіктердің алдын алады. Сонымен қатар сарапшы жұмысының нәтижелерін жүйе өзі талдап, қандай да бір сәйкессіздіктер туралы ескерту жасайды», – деп түсіндірді Ерлан Сәрсембаев.
Осы жаңашылдықтар сот-медициналық сараптаманың сапасын арттырып, процесті жылдам әрі тиімді етеді.
Ақпарат CMN.KZ сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





