Қазақстанда медициналық деректерді сақтау мерзімі 10-15 жылды құрауы мүмкін
Қазақстанда медициналық деректерді сақтау мерзімі бекітіледі
Қазақстанда медициналық деректерді сақтау мерзімі бекітіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа жобада медициналық қызметкерлер диагностикалық жабдықтар арқылы алған деректерді сақтау мерзімі көрсетілген.
Жобаға сәйкес, ересектердің (15 жастан жоғары) медициналық деректері 10 жыл, ал балалардың (0-15 жас аралығы) деректері 15 жыл бойы сақталады. Бұл мәліметтерге аудиожазбалар, биомагниттік бейнелер, компьютерлік томография, рентген, ЭКГ, эндоскопия нәтижелері, ультрадыбыстық зерттеулер, МРТ және басқа да медициналық суреттер кіреді.
Барлық медициналық деректер бірегей сәйкестендіру нөмірлерінің көмегімен сақталады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін жеке медициналық ақпараттар жойылады.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
14:06
"Жертва" болудан ұяламын": Дана Нұржігіт тағы б...
06.11.2026
13:16
Атырауда мектепте 13 жастағы қызға пышақпен шаб...
06.11.2026
13:08
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп тастады
06.11.2026
12:36
«Өзіне қол салды деп жауып тастаған»: Ақтөбеде ...
06.11.2026
12:35
«Дауысың жарамайды» деп далаға қуған: Атырауда ...
06.11.2026
12:24
"Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ": Балжан...