Қазақстанда несие беру ережелері өзгеруі мүмкін
Қазақстан Ұлттық банкі банктердің несие беру тәртібін күшейтетін жаңа нормативтер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, жаңа талаптар қарыз алушылардың табысын ескере отырып несие беру жүйесін енгізуге бағытталған. Осы мақсатта екі негізгі коэффициент — КДН және КДД қолданылмақ.
Бұл көрсеткіштер азаматтардың алған несиесін қайтару мүмкіндігін бағалауға көмектеседі. Яғни банктер қарыз алушының табысы оның қарыздық жүктемесін көтере ала ма, жоқ па — соны есептейді.
Жоспар бойынша жаңа коэффициенттер 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілуі мүмкін.
Айта кетейік, КДН және КДД көрсеткіштері банктер мен қаржы реттеушілеріне несие беру кезіндегі тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл шаралар халықтың шамадан тыс қарызға батуын азайту және қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынбақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...