Қазақстанда пара туралы әңгіме үшін де жаза қарастырылмақ
Қазақстанда пара ұсыну немесе пара туралы әңгіме үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мәжілісте талқыланған жаңа заң жобасы парақорлыққа қарсы қатаң шараларды қарастырады. Заң жобасына сәйкес, пара беру немесе алу туралы келісімдер, ұсыныстар мен уәделер қылмыстық жазаланатын болады.
Депутат Николай Арсютин заң жобасын қолдай отырып, оның іске асырылуындағы нақты мәселелерге назар аударды: «Пара туралы келіссөздерді қалай дәлелдеуге болады? Мұндай қылмыстарды дәлелдеу қиын емес пе? Бұл заңнама негізсіз қылмыстық істердің көбеюіне әкелмей ме?»
Антикоррупциялық агенттіктің бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жаңа ережелердің негізінен профилактикалық мақсатта енгізілетінін атап өтті.
«Бұл шаралар алдын алу сипатында. Жаппай қудалау болмайды. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, мұндай істер өте аз. Сонымен қатар, прокуратура мен сот органдарының қадағалауы қамтамасыз етіледі», – деді ол.