Қазақстанда қанша педагог еңбек етуде? 2025 жылғы толық статистика

Қазақстанда 2025 жылы 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің білім беру саласында шамамен 600 мың педагог еңбек етуде. Бұл көрсеткішке мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары да кіреді.
Олардың ішінде ең көбі мектеп мұғалімдері. Қазір Қазақстан мектептерінде 400 мыңнан астам ұстаз жұмыс істейді. Соның ішінде 76 364 ер мұғалім болса, 331 638 әйелдер. Еңбек өтіліне қарасақ, 13 916 мұғалімнің тәжірибесі 10 жылға дейін, 120 433 өтілі 10 жылдан 20 жылға дейін. Ал 80 753 мұғалім 20 жылдан астам уақыттан бері сабақ беріп келеді, 73 900-і 30 жылдан артық еңбек етуде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда, 102 мыңнан астам тәрбиеші бар. Оның ішінде небәрі 2583 ер адам, ал 99 807 әйел. Еңбек өтілі қарасақ, 47 777 тәрбиешінің еңбек өтілі 10 жылға дейін, 32 991 тәрбиеші 10 жылдан 20 жылға дейін, 12 487 тәрбиеші 20 жылдан 30 жылға дейін және 9 135 тәрбиеші 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңнан астам ұстаз еңбек етуде. Олардың 13 600 ер адам, 28 262 әйелдер. Еңбек өтілі бойынша: 13 889 оқытушының еңбек өтілі 10 жылға дейін, 11 077 оқытушы 10 жылдан 20 жылға дейін, 7 779 оқытушы 20 жылдан 30 жылға дейін және 9 117 оқытушы 30 жылдан астам қызметте.
Жалпы алғанда, еліміздің білім жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздар аз емес. Қазіргі таңда педагогтардың айтарлықтай бөлігі 10 жылдан астам тәжірибеге ие.
Соңғы жаңалықтар





