Қазақстанда құрбандықты енді онлайн шалуға болады
Қазақстанда Құрбан айтқа онлайн құрбан шалу қызметі іске қосылды
Қазақстанда Құрбан айтқа арналған құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге мүмкіндік беретін арнайы сайт іске қосылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Енді азаматтар онлайн түрде мал таңдап, төлемді Kaspi QR арқылы жасай алады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қой мен ешкіні бір адам шала алады, ал ірі қара мен түйені жеті адамға дейін бірігіп құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
Тапсырыс сәтті рәсімделгеннен кейін пайдаланушының телефонына SMS-хабарлама келеді. Құрбан шалу рәсімі аяқталған соң тапсырыс берушіге фото және видеоесеп жолданады.
Сайттағы бағаға сәйкес, бір қойдың құны – 125 мың теңге, ал сиыр – 875 мың теңге.
Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді және бұл күн ресми демалыс болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
15:31
31 жастағы жетісулық келіншек төртем босанды
10.11.2026
15:10
«Үш баламен тентіретпе»: әзілкештің әйелі отбас...
10.11.2026
14:29
Қаракемерде үш жасөспірімнің өлімі: бопсалау іс...
10.11.2026
14:10
«Небір операцияларды өткердік»: Төреғали Төреәл...
10.11.2026
13:57
Оралда полиция майоры әріптесін пышақтады деген...
10.11.2026
13:21
Тоқаев тіл мәселесін желеу етіп, елді арандатат...