Қазақстанда сот шешімдерін орындау жүйесі жасанды интеллект көмегімен жаңартылады

Қазақстанда сот шешімдерін орындау жүйесі жасанды интеллект көмегімен жаңартылады
26.02.2025 10:07
0
85
gov.kz
Сот шешімдерінің орындалуын бақылауға цифрлық көмекші енгізіледі

Қазақстанда сот шешімдерінің орындалуын бақылау жүйесі цифрлық форматқа көшірілмек, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әділет министрлігі(Министерство юстиции) азаматтардың өтініштерін қарау сапасын жақсарту және мәжбүрлеп орындату институтын жетілдіру мақсатында жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Әділет органдарын цифрландыру аясында "Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін" жаңарту көзделуде. Оған "Цифрлық көмекші" атты жаңа құрал енгізіледі. Бұл азаматтарға сот шешімдерінің орындалу барысын бақылауға мүмкіндік береді», – деді министр.

Оның айтуынша, бұл жаңашылдық сот орындаушылардың әрекеттерін ашық әрі тиімді етпек. Өндіріп алушы мен борышкер сот шешімін орындаудың әр кезеңін көре алады, қандай шаралар қабылданғанын және қандай қадамдар жасалуы керектігін бақылайды.

«Пайдаланушылар сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне жедел жауап беріп, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады», – деп атап өтті Сәрсембаев.

Бұл жүйе азаматтардың сот шешімдерін орындау процесіне сенімін арттырып, әділдікке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтпек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий