Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек тізімі қысқартылады

Қазақстанда тегін және жеңілдетілген бағамен берілетін дәрі-дәрмектер тізімін қайта қарау жоспарлануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жоба аясында өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозологияға арналған дәрі-дәрмектерді тізімнен алып тастау көзделген. Бұл өзгерістер амбулаторлық деңгейде созылмалы ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді қамтуды арттыруға бағытталған.
"Жоба бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге әсер ететін және халықтың денсаулығына маңызды ықпал ететін созылмалы ауруларды қамту мақсат етілген", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Тізімнен алынуы мүмкін дәрі-дәрмектер арасында капсулалар, майлар, көзге арналған тамшылар, инъекцияға арналған ерітінділер мен таблеткалар бар.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Талқылау 2025 жылғы 14 ақпанға дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар




