Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қолдауға 640 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қолдауға 640 млрд теңге бөлінді
10.12.2024 10:42
0
65
t.me/KZgovernment
Биылғы жылы тұрғын үй құрылысын қолдауға 640,3 миллиард теңге бағытталды.

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау 640,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысында 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. 

Оның айтуынша, биыл «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ құралдары есебінен тұрғын үй құрылысын қолдаудың жалпы сомасы 640,3 млрд теңгені құрайды. Осы жылдың 11 айында 604,2 млрд теңгеге жобаларға қолдау көрсетілді. 

Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй 
 
ЖАО облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырудың жалпы жоспары 17,3 мың пәтер сатып алу үшін 272 млрд теңгені құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен әкімдіктердің 248,5 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды, бұл жылдық жоспардың 91%-ын құрайды. 2024 жылғы 17 желтоқсанда 23,5 млрд теңге мөлшерінде соңғы траншты беру жоспарланып отыр. 
  
Несиелік тұрғын үй 

Облигацияларды сатып алу арқылы қаржыландырылатын несиелік тұрғын үй бағдарламасы бойынша әкімдіктер 165,1 млрд теңгеге қаражат бөлді, бұл жоспарланған көлемнің 100%-ын құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің күтілетін жоспары – 10 мың пәтер, оның ішінде бүгінгі күні 5,7 мың пәтер тапсырылды.
 
Бұдан басқа, Астана қаласында қайта жаңарту бағдарламасын қаржыландыру үшін биылғы шілде айында ЖАО-ның 25 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды. 

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқынын қолдау мақсатында 2025 жылы Ұлттық банктің бөлінген қаражатын және Ұлттық қордың қайтарымды қаражатын араластыру тетігін іске қосу ұсынылды. Бұл облигациялық қарыздар арқылы өңірлерге жылдық 4,25% орташа мөлшерлеме бойынша шамамен 160 млрд теңге бағыттауға мүмкіндік береді. 

Үлестік құрылысқа кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері 

2024 жылы 165,6 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты, бұл жоспарланған көлемнің 93%-ын құрайды. Жыл соңына дейін жобаларды қолдаудың жалпы көлемі 178,2 млрд теңгеге жетеді, бұл коммерциялық тұрғын үй құрылысына қатысатын 7 мың азаматтың қаражатын қорғауды қамтамасыз етеді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или