Қазақстанда XIX ғасырдан бері болмаған ауа райы тіркелді

19.03.2026 13:22 Мөлдір Талғат
Қазақстанда XIX ғасырдан бері болмаған ауа райы тіркелді
80
Фото: ашық дереккөз

2026 жылдың ақпан айы Қазақстанда ауа райының күрт өзгеруімен ерекшеленіп, бірқатар өңірде температуралық рекордтар жаңарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ай ішінде ел аумағында аномалды жылыну мен қатты аяз кезектесіп, синоптиктер ерекше құбылмалы кезең болғанын атап өтті. Көптеген өңірде ауа температурасы қалыпты нормадан 1–6 градусқа жоғары болса, жауын-шашын мөлшері де әдеттегіден бірнеше есе көп түскен.

Ай басында циклондар әсерінен қар қалың жауып, кей жерлерде бір тәулікте айлық нормадан асып түскен. Мысалы, Астанада бір күнде 23 мм жауын-шашын түсіп, бұл қалыпты көрсеткіштен 135%-ға жоғары болған.

Сонымен қатар ақпанның алғашқы жартысында еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы күрт жылынып, бірнеше қалада жаңа температуралық рекордтар тіркелді. Ал 19 ақпанда Алматыда +23,6 градус болып, 1859 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш жаңарды.

Айдың соңына қарай керісінше, ел аумағына суық антициклон келіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде ауа температурасы -30…-39 градусқа дейін төмендеді.

Жалпы синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылдың ақпаны Қазақстанда ауа райының күрт құбылуымен есте қалып, аномалды жылу мен қатты аяз қатар байқалған ерекше ай болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий