Қазақстанда жаңа қосымша іске қосылды

Қазақстанда жаңа қосымша іске қосылды
13.10.2025 12:52
0
87
қосымшадан скриншот

Алкоголь өнімінің заңдылығын енді смартфонмен тексеруге болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 13 қазан. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңсыз алкоголь айналымына тосқауыл қою мақсатында жаңа цифрлық құралды іске қосты. Енді кез келген азамат арнайы мобильді қосымша арқылы алкоголь өнімінің түпнұсқалығын оңай тексере алады.

Бұл жаңашылдық Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін кезең-кезеңімен енгізу аясында жүзеге асырылып отыр. 13 қазаннан бастап App Store және Play Market-те «Сканирование марок УКМ» деп аталатын қосымша қолжетімді болды.

Қосымшаны пайдалану өте қарапайым. Оны смартфонға жүктеп, тіркеуден өткен соң, алкоголь өнімінің бөтелкесіндегі есепке алу-бақылау маркасының штрих-кодын сканерлеу жеткілікті. Осы арқылы тұтынушы өнімнің заңды екеніне көз жеткізіп, ол туралы ресми мәліметтерді ала алады.

Ең бастысы, егер сканерленген марка мемлекеттік дерекқордан табылмаса, бұл өнімнің күмәнді екенін білдіреді. Мұндай жағдайда азаматтар қосымшаның өзі арқылы уәкілетті органға заңсыз өнімнің сатылып жатқан орны туралы лезде хабарлама жіберу мүмкіндігіне ие.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий