Қазақстанда жол ақауларын анықтау үшін жасанды интеллект қолданылады

Қазақстанда жол ақауларын анықтау үшін жасанды интеллект қолданылады
04.02.2025 10:40
0
392
esquire.kz
Жасанды интеллект жол ақауларын анықтауға көмектеседі

Қазақстанда жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпорын сапаны бақылау саласында адами фактордың ықпалын азайту мақсатында цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр. Жасанды интеллект қағидаттарына негізделген жаңа жүйе әр 100 шақырым жолдағы диагностика деректерін өңдеу уақытын 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар кәсіпорын ведомстволық сараптама үшін бірыңғай электрондық портал әзірледі. Бұл портал бизнес-процестердің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етіп, құжаттарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді.

«Порталдың көмегімен қажетті құжаттар саны 15-тен 5-ке дейін қысқарды, рәсімдеу уақыты 3 айдан 15 күнге дейін азайды. Сонымен қатар сараптамалар саны 5 есеге артты», – деді Айтбаев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или