Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері жарияланды
454
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елдегі орташа атаулы айлық жалақы 461 486 теңгені құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 9,1 пайызға өскен. Алайда инфляцияны есептегенде нақты жалақы көлемі 2,3 пайызға төмендеген.
Өңірлер арасында орташа жалақы өсімі ең көп тіркелген аймақтар:
- Абай облысы — 14,2% (405 425 теңге)
- Павлодар облысы — 12,4% (448 906 теңге)
- Жетісу облысы — 12,2% (346 199 теңге)
- Алматы облысы — 10,9% (376 012 теңге)
- Алматы — 10,7% (574 162 теңге)
Ал ең жоғары орташа жалақы:
- Маңғыстау облысы — 659 801 теңге
- Ұлытау облысы — 655 995 теңге
- Атырау облысы — 652 950 теңге көлемінде тіркелген.
Салалар бойынша ең жоғары өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында байқалған — 20,3 пайыз. Одан кейін қаржы және сақтандыру қызметі — 18,1%, сумен жабдықтау — 16,5%, электр энергиясы, газ және жылумен қамту саласы — 14,7%, көлік пен қоймалау — 12,9%, өнеркәсіп — 11,6% болды.
Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жалақы 7 пайызға, білім беру саласында 4,2 пайызға өскен.
Соңғы жаңалықтар
27.06.2026
17:12
Елордада жолаушылар мінген автобус өртеніп кетт...
27.06.2026
16:28
«Маған ақшасы емес, әкем керек болды»: Тұрсын А...
27.06.2026
15:19
Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық зәулім ...
27.06.2026
14:16
Қазақстан Халық партиясын енді Нұрсұлтан Шоқано...
27.06.2026
13:17
«Бәрі рұқсат»: Нұрлан имамның пластикалық ота т...
27.06.2026
12:16
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: Бес ...