Қазақстандағы зейнетақы мөлшері жарияланды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдері туралы мәліметтерді жариялады.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 3 трлн 158,1 млрд теңге бағытталған. Оның ішінде базалық зейнетақыға 1 трлн 22,1 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2 трлн 136 млрд теңге бөлінді.
Есепті кезеңде елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 510 мың адамға жетті.
Министрліктің дерегінше, республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 810 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы 95 249 теңге, базалық бөлігі 47 561 теңге.
Салыстырмалы деректер: 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгені құраған болатын. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы 95 326 теңге, ал базалық зейнетақы 47 568 теңге болған.
Соңғы жаңалықтар





