Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі
21.02.2025 20:08
0
56
видео кадр

Қазақстанда зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінің мөлшері өседі. Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

"Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине, тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп, өтейміз", - деді Жұманғарин.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или