Трамп, Си Цзиньпин, Ердоған, Путин: Тоқаев шетелдік басшыларға алғыс айтты

Трамп, Си Цзиньпин, Ердоған, Путин: Тоқаев шетелдік басшыларға алғыс айтты
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады», – деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанды ұлттық мерекемен құттықтаған көшбасшылар қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және басқа да мемлекет басшылары бар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу