Қазақстандық блогерлер салық төлеуден жалтарған ба?

Қазақстандық блогерлердің табысы мен салық декларацияларындағы айырмашылық 53,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 блогердің ресми табысы мен шынайы кірісі арасындағы сәйкессіздік анықталған. Бұл соманың жалпы көлемі 53,3 млрд теңгеге жеткен.
«Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың, соның ішінде блогерлердің салықтық міндеттемелерін орындауын тұрақты түрде қадағалайды. Ақпараттық дереккөздер арқылы алынған мәліметтер салық декларацияларымен салыстырылып, заң бұзушылықтар анықталды», – делінген КГД мәлімдемесінде.
13-14 ақпан күндері блогерлерге табыстарын дұрыс көрсетпегені үшін ресми хабарламалар жіберілген.
Енді блогерлерге екі нұсқа ұсынылды: декларацияны қайта тапсырып, тиісті салықты төлеу немесе келіспеген жағдайда түсініктеме беру. Өтемақыны төлеу үшін 30 жұмыс күні беріледі.
Қаржы министрлігі салық төлеу міндеті Конституция мен Салық кодексінде бекітілгенін еске салды. Мемлекеттік кірістер комитеті онлайн-жарнама, ақпараттық өнімдерді сату, оқу курстарын өткізу, гивтер мен түрлі науқандардан табыс табатын блогерлердің де салық төлеуі тиіс екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар





