Қазақстандық Sәlem Entertainment гуглмен бірігіп, жасанды интеллект арқылы сериал түсіреді

Қазақстандық Sәlem Entertainment гуглмен бірігіп, жасанды интеллект арқылы сериал түсіреді
04.10.2025 22:33
0
43

Sәlem Entertainment жасанды интеллект жасаған контентті таныстырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Digital Bridge 2025 форумында Sәlem Entertainment компаниясы жасанды интеллект саласындағы жаңа жобаларын таныстырды. Бұл форумда цифрлық әзірлемелерге арналған көрме өтіп, оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады.

Компанияның бас директоры Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған контентті көрсетіп, Sәlem AI атты жаңа бағыттың дамуы туралы айтып берді. 

Игорь Цайдың айтуынша, компания бұрыннан фильмдер мен сериалдарды жасаудың халықаралық әдістерін қолданып келеді. Енді олар Google компаниясының VEO3 бөлімшесімен бірлесіп, жасанды интеллект арқылы контент жасау технологиясын сынақтан өткізіп жатыр.

«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз, біріншіден, промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлауға, екіншіден — вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға баса назар аударып отырмыз», — деп атап өтті Цай.

Бұл іс-шара Қазақстандағы цифрлық технологиялардың тез дамып келе жатқанын және Sәlem Entertainment сияқты отандық компаниялардың медиа, технология және білімді біріктіру арқылы елдегі жасанды интеллект жүйесін құруға үлес қосып жатқанын көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий