Қазақстандық танымал дәрігер кенеттен өмірден өтті

18.01.2026 17:49 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қазақстандық танымал дәрігер кенеттен өмірден өтті
0
406
ДСМ

Қазақстанның медицина саласы қара жамылды. Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жетекшісі Айгүл Қасымова кенеттен өмірден озды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz

Айгүл Құбашқызы еліміздің алғашқы медициналық буынын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан бірегей маман еді. Оның басшылығымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған көптеген жүйелі жобалар жүзеге асырылды.

Министр Ақмарал Әлназарова марқұмның кәсібилігіне жоғары баға берді.

«Бүгін бүкіл медицина қауымдастығы Айгүл Құбашқызы Қасымовоның кенеттен қайтыс болғаны туралы қаралы хабардан есеңгіреп отыр. Ол — алғашқы буын деңгейіндегі барлық реформалар мен өзгерістердің көшбасшысы, өз ісіне шын берілген энтузиаст еді», — деп жазды министр.

Министр өз жазбасында марқұмның жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

«Айгүл Құбашқызының жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және ол кісімен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырған барлық жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне және бүкіл медицина қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге аза тұтамыз», — делінген көңіл айту хабарламасында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий