Қазақстандықтар 7 және 9 мамырда қанша күн демалады?
2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтарды демалыс күндерінің көптігімен қуантады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда 14 күн демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін мамырда 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.
Қaзақстандықтар 7 және 9 мамырда қалай демалады?
Бейсенбі, 7 мамырда қазақстандықтарды мерекелік демалыс күні күтіп тұр. Ел тұрғындары Жеңіс күніне орай демалыстың ауыстырылуына байланысты тағы бір қосымша демалыс күнін дүйсенбі, 11 мамырда алады.
Бес күндік жұмыс аптасындағы демалыс кестесі
5/2 кестесімен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс келесідей болады:
- 4, 5 және 6 мамыр - жұмыс күндері;
- 7 мамыр (бейсенбі) - демалыс;
- 8 мамыр (жұма) - жұмыс күні;
- 9 мамыр (сенбі) - мерекелік демалыс күні;
- 10 мамыр (жексенбі) - демалыс күні;
- 11 мамыр (дүйсенбі) - ауыстыру есебінен берілетін қосымша демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс қалай болады?
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте басқаша болады:
- 7 мамыр - демалыс;
- 8 мамыр - жұмыс күні;
- 9 мамыр - мерекелік демалыс күні;
- 10 мамыр - жексенбі, демалыс;
- 11 мамыр - жұмыс күні.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...