Қазақстандықтар Болгария азаматын тақырға отырғызып кетті

Қазақстандықтар Болгария азаматын тақырға отырғызып кетті
08.08.2025 15:14
0
149
Фото: freepik.com

Ақмола облысы CyberPol бөлімшесінің қызметкерлері Болгария азаматынан 102 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шетелдік азамат биылғы жылдың мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбаны болған. Қаскөйлер банк қызметкеріміз деп таныстырып, оны үшінші тұлғаның шотына қомақты қаржы аударуға сендірген.

Азаматтың арызы бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, бұл істің ұйымдастырушылары Павлодар облысының екі тұрғыны екенін анықтады. Сонымен қатар, қылмыстық схеманың тағы төрт қатысушысы анықталды. 

Күдіктілер Павлодар қаласында ұсталды. Тінту барысында ұялы телефондар мен ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий