Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай үш күн демалады

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай үш күн демалады
13.12.2024 11:09
0
64
egemen.kz
Тәуелсіздік күнін тойлаудағы жаңа өзгерістер

Қазақстандықтар алдағы демалыс күндері елдің басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Биыл бұл күн дүйсенбіге, 16 желтоқсанға сәйкес келіп, ресми демалыс күні ретінде бекітілген.

Бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер үшін бұл үш күн қатарынан демалыс: 14, 15 және 16 желтоқсан. Ал алты күндік жұмыс істейтіндер үшін екі күн демалыс: 15 және 16 желтоқсан қарастырылған.

Тәуелсіздік күні 1991 жылдан бері атап өтіледі. Дәл осы жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі елдің Тәуелсіздігі мен Мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдаған болатын. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіздігін жариялаған ең соңғы ел болды.

2022 жылы бұл мерекенің мәртебесі ұлттықтан мемлекеттік деңгейге өзгертіліп, мереке күндерінің саны екі күннен бір күнге қысқартылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді жаңа форматта атап өтуді ұсынды. Оның айтуынша, Тәуелсіздік күнін ұлттық батырларды еске алу күні ретінде тойлау керек.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или