Қазақстандықтар Z-әнші Тимати-дың концертін өткізбеуді талап етуде

Әлеуметтік желіде ресейлік орындаушы Тиматидің алдағы концертіне қатысты афиша пайда болды. Алайда мұндай жаңалық барлық қазақстандықтарға ұнай қойған жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Афишаға сәйкес, концерт 28 қарашада Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Билеттердің бағасы 15 мыңнан 100 мың теңгеге дейін басталады. Материал жазылған сәтте сатылымда 5 320 орын қалған болатын.
Threads әлеуметтік желісінде кейбір қолданушылар Украинадағы соғысты қолдаған әртістердің Қазақстанға әлі де келіп жатқанына таңданыстарын білдірді. Олар концертті тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ билет сатумен айналысатын компанияны қолайсыз пікірлерді өшірді деп айыптады.
Тимати – концертін болдырмауды талап еткен алғашқы ресейлік әртіс емес. Бұған дейін қазақстандықтар Полина Гагаринаның концертін өткізуге рұқсат бермеген. Ол 27 қарашада Астана Конгресс-орталығында өтуі тиіс болатын.
Сондай-ақ, ол тізімге Филипп Киркоров та ілікті. Оның концерті 29 тамызда өтуі керек. Жақында Алматы тұрғындары Республика сарайында Вячеслав Бутусовтың үлкен концерт бермек болғанына наразы болды.
Соңғы жаңалықтар





