Қазақстандықтарды қандай жағдайда азаматтықтан айыруы мүмкін?

31.01.2026 11:23 Айсұлу Мұрат
Қазақстандықтарды қандай жағдайда азаматтықтан айыруы мүмкін?
34
әлеуметтік желі

Қазақстанның жаңа Конституция жобасында азаматтарды қандай негіздер бойынша азаматтықтан айыруға болатыны алғаш рет нақты жазылған, деп хабарлайды Politico.kz

Құжатта азаматтықтан айырудың еркін түрде, себепсіз жүзеге асырылмайтыны және мұндай шешім тек заңда көзделген жағдайларда ғана қабылданатыны көрсетілген.

Жоба мәтінінде төмендегідей норма бар:

«Қазақстан Республикасының азаматын азаматтықтан, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерге қуып жіберуге жол берілмейді. Азаматтықтан айыруға тек террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімі бойынша ғана жол беріледі», — делінген Конституция жобасында.

Құжат авторлары бұл нормалар ұлттық қауіпсіздікті қорғау мен азаматтардың құқықтарын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өткен.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Конституциялық соты жаңа Конституция жобасын ресми сайтында жариялады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий