Қазақстандықтардың жартысынан көбі медициналық қызмет сапасына наразы

Қазақстандықтардың жартысынан көбі медициналық қызмет сапасына наразы
27.01.2025 11:17
0
686
t.me/zakonkz
Қазақстандықтардың жартысынан көбі медициналық қызмет сапасына риза емес

Қазақстандағы медициналық қызмет сапасына қанағаттанбағандардың саны артып келеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Үкімет сағатында мәлімдеді.

Дания Еспаеваның айтуынша соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,8 есе артқанымен, халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 47%-ға дейін төмендеген. Консультативтік-диагностикалық, компьютерлік және магнитті-резонансты томография қызметтерінің саны 7 есеге өскен. Алайда, бұл көрсеткіштер ауруларды ерте анықтауға оң әсер етпеген. Кей жағдайларда мұндай қызметтер негізсіз тағайындалады. Медициналық ұйымдардың пациентке бағдарланған жұмыстан "табысқа бағдарланған" жұмыс принципіне көшкені байқалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін Үкіметке денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды теңестіру, базалық мемлекеттік медициналық көмек пакетін қалыптастыру және бірыңғай медициналық ақпараттық жүйені құру туралы тапсырма берген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или