Қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына Ресейдің компаниясы жауапты
Қазақстандықтардың жеке мәліметтері Ресейдің Sirena Travel компаниясы арқылы сыртқа шықты. Бұл ақпаратты министрлік өкілі, Комитет басшысы Руслан Әбдіхалықов мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әбдіхалықовтің айтуынша, деректердің ағуы 2023 жылдың 25 тамызынан 15 қыркүйегіне дейін Ресейдің авиабилеттерді сататын компаниясының жүйесінен орын алған. Бұл уақытта белгісіз тұлғалар авиабилеттерді брондаудың Leonardo жүйесіне қол жеткізген.
"Деректердің ағып кетуі Ресейде болған, ал Қазақстандық компаниялар бұған кінәлі емес, олар да осындай жағдайға тап болды", - деді Әбдіхалықов.
Ол өз кезегінде қазақстандықтарды хабардар етіп, егер олар шағым білдіргісі келсе, оны қабылдайтындығын атап өтті. Министрлік қазір Ресейдің Роскомнадзорына ресми хат жолдады, оның мақсаты – жағдайды анықтау және қауіпсіздік шараларының қолданылуын тексеру. Қазірдің өзінде ақпараттық жүйелер мен қауіпсіздік бұзушылықтарын тексеру жұмыстары жүргізілуде.