Қазақстандықтарға Ресейде болу мерзіміне шектеу қойылды

Қазақстандықтарға Ресейде болу мерзіміне шектеу қойылды
01.01.2025 09:02
0
418
РИА жаңалықтары
Жаңа ереже: Ресейде 90 күннен артық болу мүмкін емес

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясында шетел азаматтарының уақытша болу мерзімі туралы жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл өзгерістер бойынша шетелдіктер Ресей аумағында жылына 90 күннен артық бола алмайды.

Бұрын шетел азаматтары елге визасыз кірген жағдайда 180 күн ішінде 90 күнге дейін бола алатын еді. Енді бұл ереже қатаңдатылып, уақытша болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнмен шектелді.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі түсіндіргендей, бұл өзгерістер тек визасыз режимде кірген шетелдіктерге қатысты. Ал жұмыс істеу, оқу, уақытша тұру немесе баспана алу мақсатында келгендер 90 күннен артық бола алады. Сонымен қатар, виза арқылы кірген шетелдіктер үшін болу мерзімі визаның әрекет ету мерзімімен анықталады.

Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін елде заңсыз жүрген мигранттарды елден шығуға міндеттейтін жарлыққа қол қойды. Ресейде қалғысы келетіндер міндетті түрде тіркеліп, биометриялық және медициналық деректерін тапсыруы, сондай-ақ орыс тілі, Ресей тарихы мен заңнамасының негіздерін білетінін растайтын сертификаттар алуы тиіс. Бұған қоса, оларға тұру және жұмыс істеу рұқсаттарын рәсімдеу талап етіледі. Айрықша жағдай ретінде Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан шетелдіктер қарастырылған.

Ақпарат ORDA.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или