Қазақстандықтарға Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем беріледі
1045
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын азаматтарға көрсетіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемі 60 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
2025 жылы бұл сома – 235 920 теңге.
Аталған төлем Астана қаласының мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмек алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген».
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...