Қазақстанға циклон келе жатыр: 6 наурызда ауа райы күрт өзгереді

05.03.2026 23:05 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанға циклон келе жатыр: 6 наурызда ауа райы күрт өзгереді
42
Фото: Zakon.kz
Синоптиктер ескерту жасады

6 наурыз, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыстан келген циклон әсер етеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мамандардың мәліметінше, елдің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін.Сонымен қатар желдің күшеюі болжанып отыр. Солтүстік және шығыс облыстарда төменгі боран, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Мұндай ауа райы жол қозғалысын қиындатуы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға сақ болып, алыс жолға шыққанда ауа райы жағдайын ескеруге кеңес береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий