Қазақстанға тіл тигізген ресейлік насихатшы Тигран Кеосаян қайтыс болды

Қазақстанға тіл тигізген ресейлік тележүргізуші әрі насихатшы Тигран Кеосаян қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ресейлік кинорежиссер, теле және радиожүргізуші Тигран Кеосаян 59 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі Маргарита Симоньян өзінің хабарлады.
"Бүгін түнде Тигран жаратушысына аттанды. Дұға еткендердің бәріне рақмет. Өтінемін, қазір маған да, отбасыма да қоңырау шалмаңыздар. Барлығыңызға рақмет, рақмет", - деп жазды Симоньян.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комаға түскен болатын.
Ол Қазақстан туралы не айтқан еді?
Тигран Кеосаян Қазақстан жұртшылығына 2022 жылдың сәуір айында жасаған даулы мәлімдемесімен таныс. Ол өзінің телебағдарламаларының бірінде Қазақстанға қатысты қорлайтын сөздер айтып, ашық түрде қоқан-лоқы көрсеткен еді.
Оның айтуынша, Қазақстанда ешқашан мықты мемлекеттілік болған емес.
Сол кезде ол: «Қазақтар, бауырлар, алғыс білдірген түрлерің осы ма?» – деп бастаған болатын.
Соңғы жаңалықтар





