Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина Қытайда сенсация жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина Қытайда сенсация жасады
17.10.2025 18:19
0
41

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ширек финалда отандасымыз австралиялық Айла Томляновичпен (WTA – 104-орын) кездесіп, қарсыласынан айқын басым түсті.Кездесу небәрі 58 минутқа созылды. Рыбакина 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Әсіресе, екінші сетте қазақстандық теннисші толық үстемдік көрсетіп, қарсыласына бірде-бір гейм бермеді.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 8-ракеткасы — италиялық Жасмин Паолинимен финалдық жолдаманы сарапқа салады. Айта кетейік, Рыбакина турнирдегі алғашқы айналымда украиналық Даяна Ястремскаямен (WTA – 30-орын) тартысты матч өткізген. Үш сетке созылған тартысты матчта, 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті өз еншісіне жазған.

Нинбодағы турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 064 510 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 164 мың доллар қаржылай сыйлық пен WTA рейтингіне 500 ұпай иеленеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий