Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Лондонда не істеп жүргенін көрсетті

Қазақстанның халық әртісі, отандық әнші Димаш Құдайберген түнгі Лондонда серуендеп, жанкүйерлерімен кездесті. Ол осы сәттен видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Түнгі Лондон", – деп қысқа ғана жазба қалдырды Димаш бейнежазбаның астына.
Кадрларда қазақстандық әншінің қала көшелерінде серуендеп жүргені, оны жанкүйерлердің қоршап, бірге суретке түсіп жатқаны көрінеді. Димаш олармен жылы әңгімелесіп, күлімсірей жауап қатуда.
Әлеуметтік желі қолданушылары:
"Көшеде келе жатып, осындай сымбатты әрі көркем жігітпен жолығу — баға жетпес сәт", "Сіз көшеде көріп, таныған адамдарға өте мейірімдісіз. Бақытты сәтіңізді бізбен бөліскеніңізге рахмет", "Сіз барлық махаббатқа лайықсыз", "Бақыттылар да бар екен! Түнгі көшеде арманыңмен кездесу деген не деген керемет!", "Димаштың кешкі серуені қандай тамаша! Қыздарға қатты жолығыпты, ал Димаштың өзі де өте ашық болды! Ең кереметі – ешқандай күзетсіз, жай ғана бақыт", – деп жазды.
Соңғы жаңалықтар





