Қазақстанның түркі мемлекеттері ынтымақтастығындағы орны

Қазақстанның түркі мемлекеттері ынтымақтастығындағы орны
03.01.2025 17:01
0
186
Ашық дереккөз
Тоқаевтың түркі мемлекеттері ынтымақтастығын нығайтудағы бастамалары.

Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтудағы Қазақстанның рөлі ерекше маңызды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында берген сұқбатында түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) және оның аймақтық тұрақтылық пен халықаралық ынтымақтастықтағы орны туралы пікір білдірді.

Түркі әлемінің бірігуі

ТМҰ – ортақ тіл, мәдениет және тарих негізінде құрылған ұйым. Бүгінде ол саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарып отыр. Ұйымның құрылу тарихы үш кезеңге бөлінеді:

  1. 1992 жыл – Түркітілдес мемлекеттер басшыларының алғашқы саммиті (Анкара).
  2. 2009 жыл – Түркі кеңесінің құрылуы.
  3. 2021 жыл – Ыстамбұлда ұйым атауының Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгеруі.

Түркістан қаласының күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде жариялануы мен ТМҰ-ның X саммитінің Астанада өтуі ұйымның болашаққа бағытталған маңызды қадамдарының бірі болды.

Қазақстанның үлесі

2022 жылы түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 триллион долларға жетсе, өзара сауда айналымы 45 миллиард доллардан асқан. Мемлекет басшысы ұйым аясында стандарттар мен терминологияларды жүйелеуді ұсынды. Сонымен қатар, білім беру, мәдениет және туризм салаларында 80-нен астам іс-шара өткізілді.

Тоқаев Түркі академиясы, ТҮРКПА және ТҮРКСОЙ сияқты құрылымдардың маңызды рөлін атап өтті. Ол ұйымның ортақ құндылықтарды сақтай отырып, жаңа деңгейге көтерілуі үшін нақты бастамаларды жүзеге асыру керектігін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или