Қазақстанның жаңа паспорты желіге тарап кетті: ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады

24.07.2026 20:06 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанның жаңа паспорты желіге тарап кетті: ІІМ шұғыл мәлімдеме жасады
240
Әлеуметтік желіден

Қазақстанда жаңа үлгідегі паспорттың дизайны әзірленіп жатқан тұста әлеуметтік желілерде оның болжамды макеттері тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушылары жарияланған суреттерді болашақ паспорттың нұсқасы деп қабылдап, қызу талқылауға кірісті.

Пікір білдірушілердің бірі жаңа дизайнды заманауи деп бағаласа, енді бірі оны тым қарапайым деп сынады. Кейбір қолданушылар жарияланған мұқаба Оңтүстік Корея паспортының стиліне ұқсайтынын да атап өтті.

Алайда Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған суреттердің ресми жоба емес екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жарияланған эскиздер мемлекеттік органдар әзірлеген немесе бекіткен құжаттарға ешқандай қатысы жоқ және жаңа паспорттың ресми нұсқасы болып саналмайды.

Сонымен қатар ІІМ Қазақстан азаматы паспортының жаңа дизайны шынымен әзірленіп жатқанын растады. Министрлік әзірге соңғы нұсқа бекітілмегендіктен, эскиздер мен макеттерді жариялау мүмкін емес екенін айтты.

ІІМ мәліметінше, жаңа паспорттың түпкілікті дизайны бекітілгеннен кейін бұл туралы ресми ақпарат жарияланады.

Войдите, чтобы оставить комментарий