Қазақтарды қорлаған Екатерина Бивол қуанышты жаңалығын жеткізді

21.07.2026 12:45 Әсел МҰРАТ
Қазақтарды қорлаған Екатерина Бивол қуанышты жаңалығын жеткізді
384
Фото: Instagram.com/bivol.kty

Қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін басы дауға қалған блогер Екатерина Бивол тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде түскен суреттерін жариялап, сүйіктісінің ұсыныс жасағанын айтты.

Жарияланған фотолардан Екатеринаның гауһар тастары бар жүзігін көрсеткенін көруге болады. Алайда блогер болашақ жарының жүзін көрсетпеген. Сол себепті оның кім екені әзірге белгісіз.

«Мен «иә» дедім! Сені жақсы көремін, жаным!» – деп жазды Бивол.

Бұған дейін Екатерина танымал боксшы Дмитрий Биволмен некеде болған. Ерлі-зайыпты он жылдан астам уақыт бойы бірге тұрып, екі ұл тәрбиелеп өсірді, кейіннен ажырасты.

Ажырасқаннан кейін бұрынғы ерлі-зайыпты бірнеше рет ел назарына ілікті. Олардың арасындағы жанжал сот процестеріне, көпшілік алдында жасалған мәлімдемелерге және бір-біріне тағылған өзара айыптарға ұласты.

Қазақтарды қорлағаны үшін басы дауға қалды

2025 жылдың күзінде Екатерина Бивол халықаралық жанжалдың ортасында қалды. Ол өзінің Telegram-арнасында қазақтар мен қырғыздарға қатысты балағат сөздер айтып, ұлтына байланысты қорлайтын пікірлер білдірген видеоны жариялаған.

Осыдан кейін, 2025 жылы 31 қазанда, Қазақстан Ішкі істер министрлігі блогерге қатысты қылмыстық іс қозғап, оған халықаралық іздеу жариялады. 

Кейін бұл іс Ресейде де жалғасын тапты. 2026 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Войдите, чтобы оставить комментарий