Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін
Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Оның сөзінше, Ресей құқық қорғау органдарымен өзара әрекет күшейтілген.
«Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, біз бас прокуратура арқылы оны экстрадициялау мәселесін көтереміз», – деді Әділов.
Вице-министр экстрадиция туралы соңғы шешімді Бас прокуратура қабылдайдытынын айтты.
Бұған дейін Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
Еске салайық, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. Ол әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген еді.
Соңғы жаңалықтар