Қазақтелеком биыл 206 елді мекендегі 18 мың қызметкерін жаппай медициналық тексеруден өткізеді

30.06.2026 18:51 Қанат Айбар
Қазақтелеком биыл 206 елді мекендегі 18 мың қызметкерін жаппай медициналық тексеруден өткізеді
3
Фото: Қазақтелеком

Қазақтелеком АҚ еліміздің барлық өңіріндегі 206 елді мекенде шамамен 18 мың қызметкерін қамтитын жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруді бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ірі қалалардан бастап шалғай ауылдарға дейінгі жұмысшыларға медициналық қызметтің қолжетімділігін толық қамтамасыз ету үшін биыл үш жылжымалы кешен жұмылдырылып отыр. Еңбек заңнамасына сай ұйымдастырылған бұл шара компаниядағы қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігі саналады, себебі тұрақты тексерулер мамандардың денсаулығын уақтылы бағалап, ықтимал қауіптерді анықтауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

«Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – Қазақтелеком АҚ-дағы өндірістік қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарының бірі. Біз үшін әрбір қызметкердің жұмыс орны мен өңіріне қарамастан медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасау маңызды. Медициналық тексерулерді жүйелі түрде өткізу қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және компанияда қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Қазақтелеком АҚ Өндірістік қауіпсіздік дирекциясының директоры Нурия Муфтеева.

Войдите, чтобы оставить комментарий