Қазақтың "Томирисі" анасын көрсетіп, жұртты таң қалдырды

Қазақтың
25.07.2025 21:01
0
591
Фото: instagram.com/almiratursyn

Қазақстандық актриса, отандық «Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын анасының фотосын көрсетіп, оны туған күнімен әсерлі түрде құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Альмира Instagram парақшасында анасының суретін жариялап, оған арнап жүрекжарды жазба қалдырды.

«Анашым, өмір сыйлағаныңызға, махаббатыңызға, дұғаларыңызға, жасаған барлық жақсылығыңызға, жылы сөздеріңізге, құшағыңызға, қолдауыңызға және әрдайым қасымда болғаныңызға үлкен рахмет!» – деп жазды актриса.

«Томирис» жұлдызы анасының өз өміріндегі үлгі, бағдар, жарық нұсқаушы екенін атап өтті.

«Мен сіздің әкеммен бірге ұзақ әрі бақытты өмір сүргеніңізді тілеймін. Әр сәттен ләззат алып, денсаулығыңыз мықты болып, бізбен бірге күліп, қуанып жүргеніңізді қалаймын», – деді ол және анасын армандарының орындалуын тіледі. Сондай-ақ, оның қызы болуға бақытты екенін де жеткізді.

Желі қолданушылары Альмираның құттықтауына қосылып, анасы мен қызының ұқсастығына таңданыстарын білдірді.

«Өте ұқсайды екенсіздер. Анасымен қызына денсаулық», «Әдемі қыздар», «Анасын туған күнімен құттықтаймыз! Барлық жақсылықтарды тілейміз! Армандары орындалсын!» – деп жазды пікір қалдырушылар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий