«Қазір қазақша есімдер азайып бара жатқандай»: Айгүл Иманбаева немерелерінің атын айтты
Белгілі әнші Айгүл Иманбаева екінші рет әже атанды. Өнер иесі отбасы, немерелері және шығармашылығы жайлы әңгімелеп берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Үйде анам бар, сондықтан оның көзінше өзімді «әже» деп атай бермеймін. Мен - апасымын. Көбіне немерелеріме қарайтын – анам. Екі немерем де өте сүйкімді. Үлкені – Айсұлу, жасы 1,5-та. Ал екіншісінің есімін өзім қойдым — Айсұлтан. Қазір қазақша есімдер азайып бара жатқандай. Әжесі Айгүл, әпкесі Айсұлу болған соң, немеремді Айсұлтан деп атауды жөн көрдім», – деді әнші Jibek Joly арнасының «Бүгін Live» бағдарламасында .
Айта кетсек, жуырда Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Абдумуталиев екінші рет әке атанды.
Сондай-ақ, әнші шығармашылығын қайта қолға алғанын да жеткізді:
«Әр нәрсе өз уақытымен. Қазір жеке шығармашылығыма ден қойып жатырмын – ән айту, театр, тіпті кинодан да үмітім зор. Алда 50 жасқа толамын. Күнделік жазуды жақсы көремін, болашақта мемуар кітабым жарық көруі мүмкін», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар