«Қиналып қалдым»: Мөлдір Әуелбекова құпиясын жайып салды

«Қиналып қалдым»: Мөлдір Әуелбекова құпиясын жайып салды
26.05.2025 14:02
0
343
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова күйзеліске түсіп, тіпті өз өмірімен қоштасуға дейін бара жаздағанын жасырмады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шоу-бизнес өкілі  тіпті, қиын сәттен қалай шыққанын, өзіне кімнің көмектескенін айтып берді.

«Баршаңызға сәлем, бір нәрсені айтқым келіп тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын күйзелісте жүріп, суицидке дейін жеткен кезде, «Momsky» әлемнің көргендер біледі, менің хикаямның шет жағасын. Менің інім Әділет есімді маған қатты көмектескен болатын. Мен айттым: «Әділет, мен осындай жағдайдамын, қатты қиналып жатырмын» дегенімде, бірауыз сөзімді жерге тастамай, бүкіл той-концерттеріне қосып, менің аяққа тік тұрып кетуіме себепкер болды. Сол кезде маған Әділет айтқан: «Әпке, мен әлі өзімнің мейрамханамды соғамын, сізді шақырамын» деп. Сол сөзінде тұрып, Аллаға шүкір, бүгін Әділет мейрамхана ашып жатыр, сенесіздер ме? Әділет, сені құттықтаймын! Саған үлкен алғысымды білдіремін! Мен қатты қиналғанда сен менің жанымда болдың», – деп жанашырына алғыс айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий